Жаңбыр, бұршақ, 41 градус ыстық: Қазақстанда тамыздың алғашқы күндері ауа райы қандай болады

Автор: Асыл Арман

Синоптиктер болжамы жарияланды

Фото: istockphoto.com

Алдағы күндері Қазақстан Республикасының аумағындағы ауа райын солтүстік антициклон айқындайды. Елдің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі, ал солтүстік, шығыс, орталық өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр болжанып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамынша, тек батыс өңірде жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал. Түнгі және таңғы уақытта солтүстікте, шығыста тұман түседі.

«Ауа температурасы: Батыс өңірде күндіз +30…+37°С-тан +36…+41°С-қа дейін өте қатты ыстық күтіледі. 4 тамызда оңтүстікте ауа температурасы +40°С-қа дейін жетеді. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнгі ауа температурасы +5…+13°С, күндіз +15…+20°С-қа дейін төмендейді», – делінген синоптиктер болжамында.