Тоқаевтың шақыруымен Алматыға БҰҰ-ның бас хатшысы келеді

Автор: Асыл Арман

Антониу Гутерриш 3 тамыз күні келеді

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 3 тамыз күні Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан Республикасына сапармен келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алматы қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш келіссөз жүргізіп, БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын аралап көреді», – делінген Ақорданың хабарламасында.