Президент ҚТЖ-ның ардагері Қалтай Сәмбетовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Автор: Асыл Арман

Тоқаев теміржол саласын және көлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан айрықша үлесін атап өтті

Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚТЖ-ның ардагері Қалтай Сәмбетовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Президент жарлығымен Қазақстан Республикасының теміржол саласын және көлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ардагері Қалтай Сәмбетовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды», – делінген Ақорда хабарламасында.