«Өмірге тағы бір Жахан келеді»: әзілкеш Отарғалиев халықтан сүйінші сұрады (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Менің бір ауыз сөзім бадам өмірінің өзгеруіне себеп болады деп ойламаппын, дейді актер

Фото: Instagram/zhahan_utargaliyev

Белгілі әзілкеш Жахан Отарғалиев Instagram парақшасында бір ауыз жылы сөз адам өмірінің өзгеруіне себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ажырасамын. Шыдай алмаймын, болды. Күйзеліс. Шаршап кеттім бар ғой. Әйелім баланы алып, кетіп қалды. Үйде анам екеуміз қалдық. Не істесем болады?!» деп бір бауырым хабарласты. Мен енді психолог емеспін. Небір жайттар басымнан өткенін білесіздер. Сөйтіп не керек, 10-15 минут сол бауырыммен әңгімелестім. Жақында сол жігіттен хабар келді. Ажыраспайтын болыпты. Әйелі екіқабат екен. Дүниеге келетін ұлының атын Жахан қоятынын айтты. Қатты қуанып кеттім. Достар, дайындалыңыздар, бұйырса өмірге тағы бір Жахан келеді. Сол күнге жетейік. Бауырым үшін қатты қуаныштымын», – дейді актер.

Ол біреуге жақсылық жасау керемет ләззат сыйлайтынына тағы бір рет көзі жеткенін атап өтті.

«Менің бір ауыз сөзім адам өмірінің өзгеруіне себеп болады деп ойламаппын… Бірақ жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді екен», - деп түйіндеді Жахан Отарғалиев.

Еске сала кетейік, Жахан Отарғалиевке жары тосын сый жасап, оның көңілін босатқан болатын. Бұл әсерлі сәтті актер өзінің әлеуметтік желісінде бөлісті. Видеода жары: «Әрдайым сен мені қуантатын едің, енді менің кезегім», – деп қымбат сыйлықтың қайда тұрғанын айтады.