IGeO олимпиадасына әлемнің 47 елінен 200-ге жуық оқушы қатысқан
Қазақстан оқушылары IGeO – 2025 география олимпиадасында 2 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алып, халықаралық білім аренасында ел абыройын асқақтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ел намысын қорғаған төрт қатысушының бәрі жүлделі орындарға ие болды. Қазақстан құрамасын түгелдей Назарбаев Зияткерлік мектептерінің (NIS) оқушылары құрады.
2025 жылғы IGeO олимпиадасына әлемнің 47 елінен 200-ге жуық оқушы қатысты. Қатысушылар география ғылымы бойынша білімдерін үш кезеңде сынады:
Қазақстан құрамасының тәлімгерлерінің бірі – Ақтөбе қаласындағы NIS түлегі Рустам Валеев. Ол 2021 жылы дәл осы олимпиадада Қазақстанға алғашқы алтын медаль әкелген болатын. Бүгінде Рустам Валеев жас географтарға бағыт-бағдар беріп, халықаралық жарыстарда тәлімгерлік қызмет атқарып келеді.