23 адам жарақат алды
Сауд Арабиясының Таиф қаласына жақын орналасқан Аль-Хада ауданындағы «Green Mountain» ойын-сауық саябағында орналасқан «360 градус» аттракционы сынып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Куәгерлердің көзінше аттракцион екіге бөлініп, салдарынан 23 адам зардап шекті. Олардың үшеуі ауыр халде ауруханаға түскен.
Жергілікті билік орындарының мәліметінше, апатқа техникалық ақау себеп болған. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.