Дженнифер Лопестің концертінде жұрт бірін бірі таптап кетті

Автор: Асыл Арман

Концерт Мысырда өтті

Фото: instagram.com/onthejlo

Америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопес 2025 жылғы 30 шілдеде Шарм-эш-Шейх қаласында концерт берді. Ал 1 тамыз күні 56 жастағы әнші Астанада өнер көрсетеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2025 жылғы 8 шілдеден 10 тамызға дейін Лопестің алты жылдан кейінгі алғашқы халықаралық гастрольдік туры – «Up All Night» өтіп жатыр. Бастапқыда әншінің Мысырдағы концерті 4 шілдеге жоспарланған болатын, алайда концертке аз уақыт қалғанда ол 30 шілдеге ауыстырылғаны хабарланды. Бұған орындаушының гастрольдік кестесіне енгізілген түзетулер себеп болған.

ТАСС тілшісінің хабарлауынша, Лопестің Мысырдағы концерті үлкен ажиотаж туғызып, кіреберіс маңында адам кептелісіне алып келді.