Оқыс оқиғаны облыстық Полиция департаментi растады
Павлодар-Астана тасжолында жол-көлік оқиғасы болып, «Митсубиси Паджеро» көлігі аударылып қалды. Салдарынан ішіндегі жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқыс оқиғаны облыстық Полиция департаментi растады.
Полиция ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
«30 шілдеде Павлодар-Астана автожолындағы Достық ауылының маңында «Митсубиси Паджеро» автокөлігінің жүргізушісі алдын ала мәліметтер бойынша жолда аударылып қалды.
Апат салдарынан жүргізуші сол жерде қайтыс болды.
Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін, әсіресе көлік көп жүретін жерлерде қатаң сақтау және көлік құралының техникалық жағдайын бақылау маңызды екенін еске салады», – делінген хабарламада.