Жөндеу жұмыстары 15 тамызға дейін толық аяқталады деп күтілуде
«AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы мүшелері Қарғалы және Хромтау аудандарындағы тас жолдарды жөндеу барысын қадағалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тексеру кезінде жұмыс сапасы және тұрғындар көтерген мәселелердің орындалу барысы назарға алынды.
Қарғалы ауданындағы Донское–Бадамша–Қайрақты бағытындағы жолдың бір бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда аудан орталығының шекарасынан бастап 600 метр жолға асфальт төселіп, қиыршық тас пен цемент қоспасымен нығыздау жұмыстары аяқталған.
«Ауыл тұрғындарының тынығып, серуендейтін жайлы орны болуы маңызды. Сондықтан бұл саябаққа қатысты барлық сын ескеріліп, тиісті жұмыстар атқарылды. Алдағы уақытта бұл жер жергілікті жұрт үшін сүйікті демалыс орнына айналады деп сенеміз», – деді партияның Қарғалы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Надежда Заглядова.
«AMANAT» партиясы өңірлердегі инфрақұрылым жобаларының сапасы мен уақытында орындалуын алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырады.