Жоғары табыс уәде еткен: астаналық алаяқ жұртты алдап, 100 млн теңгесін қағып алған
Инвестиция түріндегі бизнес-жобаға ақша салуды ұсынған алаяқтық схеманы ұйымдастырушы сотталды

Астана тұрғыны инвестиция түрінде схема ұйымдастырып, жұртты алдап, 100 млн теңге табамын деп сотталып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сотталушы жоғары кіріс әкелетін IT-бизнеске – ақылы автотұрақ жүйесімен жабдықталған автоматтандырылған шлагбаумдар орнатуға инвестиция салу және бірлесіп қатысуды ұсынған.
Тергеу және сот процесі барысында ол өз кінәсін мойындамай, жасалған іс әрекетін азаматтық-құқықтық қатынас ретінде танып, қылмыстық жауапкершіліктен жалтармақ болып, келтірілген материалдық залалды өтеуден бас тартты.
«Сотталушы жәбірленушілерден алынған қаражатты инвестициялық жобаға салмай, жеке қажеттіліктеріне пайдаланғаны дәлелденді.
Сот үкімімен оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, келтірілген материалдық шығын өндірілді.
Астана қаласының прокуратурасы азаматтарға инвестиция және ақшалай қаражат салу туралы күмәнді ұсыныстардан сақ болу қажеттігін ескертеді. Күдікті жағдайлар болғанда, құқық қорғау органдарына дереу хабарласу қажет», – делінген прокуратура хабарламасында.