Павлодарда шетелдік азамат ағзасын сатпақ болған жерінен ұсталды
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз әрекеттерді тоқтатты

Шілде айының ортасында жедел қызметкерлерге көрші мемлекеттің азаматының бүйрегін сату туралы жедел ақпарат түсті. Осы мақсатта шетелдік әйел Павлодар қаласына келіп, баға мен шарттарды талқылап, сатуға келісім берді. Қазіргі уақытта оның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біз жедел комбинацияны әзірледік және жасадық, ал «сатушы» ҰҚКБ қызметкері ақша қаражатының бір бөлігін – бастапқы бөлігін алған кезде ұсталды. Адам ағзалары мен тіндерін заңсыз алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.
Спикер қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстанда заңсыз трансплантациялауға, сондай-ақ адам ағзаларының, мүшелерінің, тіндерінің және тіндерінің бөліктерін сатып алу-сатуға тыйым салынғанын және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.
Павлодар облысының Полиция департаменті азаматтарды, егер сіз осындай фактілерге куә болсаңыз, 102 телефоны бойынша дереу хабарлауды, «police 102» мобильді қосымшасын пайдалануды немесе @dp_pavlodar Іnstagram директіне жазуды сұрайды. Анонимділікке кепілдік беріледі.