Концерт 1 тамыз күні өтеді
Астанада 1 тамыз күні әлемге танымал америкалық әнші Jennifer Lopez-дің концерті өтеді. Көрермендердің ыңғайлығы жетуі және көлік кептелісін азайту мақсатында осы күні арнайы шаттл-маршруттар қатынайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, арнайы автобустар сағат 16:00-ден бастап қатынап, жолаушыларды қаланың бес орнынан «Астана Арена» стадионына жеткізеді және концерт аяқталғаннан кейін қайта алып кетеді.
Шаттл бағыттары:
«Шаттл автобустар концерт басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін екі бағытта қатынайды.
Кептеліс пен автотұрақтағы қиындықтардың алдын алу үшін фестиваль көрермендері қоғамдық көлікпен, таксимен немесе арнайы шаттл автобустарымен қатынағаны жөн», – делінген әкімдік хабарламасында.