Жамбыл облысында атыс болып, төрт адам жараланды

Автор: Асыл Арман

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер травматикалық қарудан жараланған

Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысының Мойынқұм ауылында атыс болып, төрт адам жараланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 29 шілде күні шамамен 21:30-да Жамбыл облысы Мойынқұм ауылындағы аудандық ауруханаға оқ жарақатын алған төрт ер адам жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер травматикалық қарудан жараланған.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта күдіктілерді анықтап, ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.