«Сіз де әдетке айналдырыңыз»: Ләйлә Сұлтанқызы қанша жыл өмір сүргісі келетінін айтты

Автор: Алмас Ерсін

Ол азаматтарды 15 пайдалы іс-әрекетті күн сайын орындауға шақырды

Фото: polisia.kz

Журналист Ләйлә Сұлтанқызы ұзақ өмір сүріп, шөпшегінің қолынан май жалағысы келетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында 15 пайдалы іс-әрекетті күн сайын дағдыға айналдыру қажет екенін жазды:

  1. Денсаулық бірінші орында,
  2. Уақытында ұйықтаймын,
  3. Кіріс пен шығысты қадағалаймын,
  4. Алкоголь мен темекі – ТАБУ,
  5. Жарты жыл сайын тексеруден өту,
  6. Керек дәрумендерді ғана қабылдаймын,
  7. Күйзелісті экологиялық түрде жеңуге тырысамын,
  8. Зейін мен назарды күнде жаттықтырамын,
  9. Таңертеңгі ішкі күйімді тыңдаймын,
  10. Мақсат қойып, нақты әрекетке көшемін,
  11. Уақытылы әрі сапалы демаламын,
  12. Өзімді, эмоциямды басқаруды үйреніп жүрмін,
  13. Күн сайын шүкірлік етемін,
  14. Диджитал-детокс жасап тұрамын,
  15. Эмоциямды іште тұншықтырмаймын.

«Шөпшегімнің қолынан май жаласам деймін… бұйыртса! Сіз де осы 15 іс-әрекетті әдетке айналдырсаңыз, геронтологтардың айтуынша, 120 жасқа дейін өмір сүруге мүмкіндік бар. Түртіп алыңыз, бөлісуді ұмытпаңыз!», - деп жазды журналист.