$ 540.78  618.65  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте жүргізуші куәлігін 400 мың теңгеге сатып жүрген топ қолға түсті

Ұйымдасқан қылмыстық топ кемінде 500 адамға заңсыз жүргізуші куәлігін алып берген

Шымкентте жүргізуші куәлігін 400 мың теңгеге сатып жүрген топ қолға түсті
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Шымкент қаласының прокуратурасы мен Қаржы мониторингі агенттігінің қалалық департаменті жүргізуші куәліктерін заңсыз рәсімдеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Емтихансыз куәлік бергендер кімдер?

2023-2024 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-ның №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) басшылығы мен қызметкерлері теориялық және практикалық емтихандарсыз жүргізуші куәліктерін рәсімдеуге жағдай жасаған.

400 мың теңгеге дейін баратын «қызмет»

Тергеу деректеріне сәйкес, бір куәлікті заңсыз рәсімдеудің құны 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін болған. Бұл «қызмет» түрі арқылы кем дегенде 500 адам жүргізуші куәлігін заңсыз иеленген.

150 миллион теңгеден астам заңсыз табыс

Қылмыстық топтың жалпы табысы 150 миллион теңгеден асқаны анықталды. Бұдан бөлек, күдіктілердің 200 миллион теңгеден астам мүлкіне тыйым салынды.

15 адам жауапқа тартылуда

Іс бойынша 15 тұлға айыпталушы деп танылды. Тергеу аяқталып, материалдар сотқа жолданды.

Серіктес жаңалықтары