Қазақстанда кәсіби білім беру еңбек нарығына сәйкес емес - вице-министр

Автор: Аягөз Құрмаш

Еңбек нарығында 7 800-ден астам мамандық сұранысқа ие

Фото: freepik.com

Қазақстанда кәсіби білім беру бағдарламасы қайта қаралып жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметовтің мәліметінше, қазіргі таңда Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту үрдісі жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, бүгін еңбек нарығында 7 800-ден астам мамандық сұранысқа ие.

«Олардың ішінде кәсіптік стандарттармен 4500-ге жуығы қамтылған. Білім беру жүйесін еңбек нарығының талаптарына жақындату үшін қазір білім беру бағдарламаларын кәсіптік стандарттарға теңестіріліп жатыр. Бүгінде олардың негізінде 11 мың білім беру бағдарламасы жаңарды», - деді ол үкіметте.
 

Бұдан бөлек, дағдылардың цифрлық банкі еніп жатыр.

Келесі қадам – кәсіптік стандартты әзірлеу процесстеріне жасанды интелектіні қосу. Бұл еңбек нарығындағы өзгерістерді жедел талдауға, күнделікті процесстерді азайтуға және нақты уақыт режиімінде стандарттарды уақтылы жаңартуды қаматамсыз етуге мүмкіндік береді.