$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Дональд Трамп: Газа секторын аштық жайлап тұр

Газа секторында 10 сағаттық «тактикалық үзіліс» қайта енгізілді

Дональд Трамп: Газа секторын аштық жайлап тұр
Фото: Reuters

Израиль әскері Газа секторында гуманитарлық көмек жеткізу үшін 10 сағаттық тактикалық үзіліс енгізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

Әскерилердің жоспарына сәйкес, соғыс әрекеттері жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін үш аймақта уақытша тоқтатылады. Бұл аймақтар:

  • Эль-Мауаси;
  • Дейр-әл-Балахтың орталық бөлігі;
  • Газа қаласының солтүстік аймағы.

Мақсат – БҰҰ мен басқа да гуманитарлық ұйымдарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуге мүмкіндік беру.

Дональд Трамп: «Газада шынайы аштық бар»

Дүйсенбі күні Шотландияда өткен баспасөз мәслихатында АҚШ президенті Дональд Трамп Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен бірге сөз сөйлеп, Газадағы жағдайға қатысты пікір білдірді.

Израиль премьері Биньямин Нетаньяхудың «Газада аштық жоқ» деген сөзіне байланысты қойылған сұраққа Трамп:

«Теледидардан көріп отырғаныма қарағанда, мен онымен келіспеймін. Бұл балалар өте аш жүргендей көрінеді», — деп жауап берді.

Ұлыбритания премьері: «Бұл – гуманитарлық апат»

Кир Стармер болса, Трамптан да ашық әрі қатаң мәлімдеме жасап, Газа секторындағы ахуалды: «Гуманитарлық дағдарыс пен абсолютті апат», – деп бағалады.

Ол соғысты дереу тоқтатып, ХАМАС-тың қолында қалған израильдік тұтқындарды босатуды талап етті.

Израиль жаңа қауіпсіз маршруттар ашады

Израиль билігі жексенбі күні өз гуманитарлық саясатына өзгеріс енгізіп, жүк керуендері үшін қауіпсіз бағыттар ашатынын мәлімдеді.

БҰҰ-ның гуманитарлық миссиясының жетекшісі Том Флетчердің айтуынша, мұндай күнделікті тактикалық үзілістер бір апта немесе сәл ұзағырақ жалғасуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары