Оқиға демалыс базаларының бірінде болған
Түн ортасында жалаңаш ер адам балалар жатқан бөлмеге кіріп кеткен. Бұл оқиға Маңғыстау облысындағы демалыс базаларының бірінде болды. Ата-аналар күдіктінің жауапқа тартылуын талап етіп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz дерегіне сүйеніп.
2025 жылғы 27 шілдеде Ақтау қаласы маңындағы демалыс базасында болған бұл оқиға жұрттың жағасын ұстатты.
«Қызым бөлмеден көзінде қорқынышпен жүгіріп шықты. Ер адамдар жүгіріп барып, бөлмеге кірсе, төсекте жалаңаш ер адам жатыр екен. Ол оларды көре сала терезеден секіріп, қашып кетті. Біз дереу полиция шақырдық», – дейді жәбірленушінің анасы.
Полицияның мәліметінше, ер адам да сол базада демалып жатқан. Медициналық тексеріс нәтижесі бойынша оның жеңіл дәрежедегі мас күйде болғаны анықталған.
Алайда ата-аналар бұл жай ғана мас адамның әрекеті емес деп есептейді.
«Ол қалайша балалардың бөлмесіне кіріп, киімсіз жатуға батылы жетті? Біз оның психотроптық заттар қолданғанын тексеруді талап етеміз. Мұндай адамды жазасыз қалдыруға болмайды. Бұл – балалар үшін психологиялық жарақат», – дейді олар.
Қыздардың екеуінің де ата-анасы полицияға ресми арыз түсірген.
Ата-аналардың талаптары: