Қостанайда мас жүргізуші GTA стилінде жүремін деп жол апатына түсті

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол оқиға орнынан қашып кеткен

Фото: полиция департаменті

Қостанай қаласында TANK 300 көлігін тізгіндеген 57 жастағы ер адам мас күйінде жол апатына ұшырап, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Көлік апаты түн ортасында болды

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға 26 шілде күні түнде тіркелген.

«Ер адам бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, қоршауға соғылғаннан кейін ВАЗ-2115 көлігімен соқтығысқан. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші көлікті GTA ойынындағыдай бұралаңдатып айдаған», – дейді полиция өкілдері.

Жүргізуші ұсталды

  • Күдікті оқиға орнынан бой тасалағанымен, көп ұзамай ұсталған
  • Ол бірден медициналық айықтырғышқа жеткізілді
  • Көлік арнайы айыптұраққа қойылды
  • Жүргізушіге қатысты бірнеше бап бойынша іс қозғалды
  • Құжаттар сотқа жолданды

Мас жүргізушілерге қатысты жаза күшейіп келеді

Қазақстанда мас күйінде көлік басқарғаны үшін жаза айтарлықтай қатаңдатылған. Мұндай әрекет әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке алып келеді. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ІІМ тарапынан рейдтік шаралар жиі өткізіліп тұрады.