9 заңсыз су сорғыш құрылғы анықталды
Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары Сырдария өзенінен рұқсатсыз су алып жатқан 9 заңсыз су сорғыш құрылғы анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Анықталған 9 жағдай бойынша әкімшілік іс қозғалып, құқық бұзушыларға жалпы сомасы 1,7 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.
«2025 жылдың басынан бері Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының қызметкерлері арнайы су пайдалану рұқсатынсыз су қолданған 62 азаматты анықтады. Оларға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 12,7 миллион теңгеден асты», – делінген ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясының қызметкерлері де су ресурсын дұрыс пайдаланбаудың тағы бір фактісін анықтады. Онда:
Нәтижесінде заң бұзушыға айыппұл салынып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.