Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
2025 жылдың басынан бері Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жүргізілген мониторинг нәтижесінде 200-ден астам кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қала әкімдігінің мәліметінше, 15 сатушы сиыр етінің бағасын негізсіз көтерген. Бұл өнім — 19 атаулы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне кіреді және бағасы тұрақты бақылауда.
Қаладағы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Мекамбаевтың айтуынша, Шымкентте:
«Бақылауға алынған тізімге тек сүйекті ет кіреді. Таза ет әлеуметтік тауар тізіміне енбейді, сондықтан оның бағасы реттелмейді», – деді Мекамбаев.
Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі етті құжатсыз сататын кәсіпкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынған болатын. Бұл бастама ет өнімдерінің заңсыз айналымын азайту және санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көтерілген.
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне келесі өнімдер кіреді:
Олардың бағасы жергілікті әкімдіктер мен Сауда және интеграция министрлігінің бақылауында. Егер кәсіпкерлер бағаны негізсіз көтерсе, әкімшілік жаза қолданылады.
«Сүйекті сиыр еті (жауырын-кеуде бөлігі) әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тізіміне кіреді. Бұл өнімдердің бағасы тұрақты бақылауда», – делінген Шымкент қаласы әкімдігінің мәлімдемесінде.