Ұлттық банк Македонский бейнеленген коллекциялық монеталарды шығарады

Автор: Алмас Ерсін

ALEXANDER THE GREAT коллекциялық монеталары сатуға шығарылады

Фото: Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық банкі «Ұлы қолбасшылар» сериясынан ALEXANDER THE GREAT коллекциялық монеталары сатыла бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Монетаны 2025 жылдың 29 шілдесінен бастап  ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.

Монета күмістен жасалған

«Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 2000 (екі мың) дана», - деп жазылған хабарламада.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.