Ақтөбелік әйел сотта жанжал шығарып, техниканы сындырды

Автор: Алмас Ерсін

Әйелге бірден екі бап бойынша жаңа қылмыстық іс қозғалды

Фото: istockphoto.com

Ақтөбеде қылмыстық іс бойынша айыпталған әйел сот залында жанжал шығарды. Сот отырысы кезінде ол балағат сөздер айтып, процеске қатысушыларды қорқытып, содан кейін отырыстың трансляция көрсетіліп жатқан мониторды сындырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Диапазонға» сілтеме жасап.

Жаңа қылмыстық іс

Осы әрекеті үшін әйелге бірден екі бап – «Сотты құрметтемеу» және «Бұзақылық» бойынша жаңа қылмыстық іс қозғалды. Бастапқыда сот оған 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасын кескен, бірақ облыстық сот істі қайта қарап, жазаны қатаңдатты, енді ақтөбелік әйелдің бас бостандығы 1 жыл 6 айға шектеледі.

Прокуратура жаза мерзімі өтпейінше әйелге ойын-сауық орындарына баруға тыйым салынатынын атап өтті. Сондай-ақ жұмыстан кейін үйіне қайтып, бақылауда болады.