Toyota Corolla апатқа ұшырап, кюветке аударылды
2025 жылғы 26 шілдеде Павлодар – Семей бағыты бойында, Аққулы ауылынан 20 шақырым жерде ауыр жол апаты болды. Toyota Corolla көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне түсіп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Павлодар облысы Полиция департаментінің мәліметінше:
Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары апаттың нақты себептері мен мән-жайын анықтауға кірісті.
«Мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жүргізушілерге жолда белгіленген жылдамдықты сақтау, жолдың ерекшеліктерін ескеру және көлік құралдарының техникалық жай-күйін үнемі бақылау қажет», – делінген Полиция департаментінің ресми хабарламасында.