Топтық зорлау ісі бойынша халықаралық іздеуде болған азамат ұсталды
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы топтық зорлау ісіне байланысты күдіктіні Қырғызстаннан экстрадициялады. Ол 13 жыл бойы жасырынып жүрген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тергеу деректері бойынша, 2012 жылы күдікті тағы алты адаммен бірге екі қызды басқосуға шақырған. Олар қыздардың сусынына клофелин араластырып, есінен тандырған. Кейін оларды еркінен тыс жыныстық қатынасқа тартқан.
Қылмыстық іске қатысқан басқа тұлғалар түрлі мерзімдерге сотталған, ал негізгі күдікті елден қашып, халықаралық іздеуге жарияланған.
2025 жылдың сәуір айында ол Қырғызстанның Бішкек қаласында ұсталып, Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық кодекске сәйкес, аталған ауыр қылмыс үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.