Мас күйінде төбелеске қатысып, қарсыласын жарақаттаған
Ақмола облысында мас күйінде қоғамдық орында төбелес шығарып, қарсыласын жаралаған ауыл әкімі жұмысынан қуылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақмола облыстық прокуратурасының мәліметінше, Целиноград ауданында мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін әрекет жасалғаны анықталды. Атап айтқанда, алкогольдік масаң күйде бірнеше адамның арасында жанжал туындап, олар бір-біріне дене жарақатын келтірген.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тараптардың татуласуына байланысты іс тоқтатылған. Алайда аудандық прокуратураның ұсынысы негізінде Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган жанындағы этика кеңесінің шешімімен Қабанбай батыр ауылдық округінің әкімі тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметінен босатылды.