Бұл күндері бұршақ та жауады
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мамандардың болжамына сүйенсек, алдағы күндері Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдайды циклон айқындайды. Онымен бірге өткінші бұлтты, ашық ауа райы, жаңбыр мен найзағай күтіледі.
«Солтүстік-батыста, солтүстікте және республиканың орталығында қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте – шаңды дауыл болуы мүмкін.
Ауа температурасының жалпы фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Шығыста және оңтүстік-шығыста өте қатты аптап ыстық 42°С дейін сақталады», – делінген ауа райы болжамында.