Олар жұптық разрядта ширек финалда жеңіске жетті
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мен британдық Эмма Радукану Вашингтондағы WTA 500 санатындағы беделді турнирдің жұптық разрядында жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Турнир АҚШ-тың Вашингтон қаласында өтіп жатыр.
Ширек финалдағы кезеңде Рыбакина мен Радукану дуэті мексикалық Джулиана Олмос пен индонезиялық Алдила Сутджиадиді 7:6 (8:6), 6:4 есебімен жеңіп шықты.
Жартылай финалда Рыбакина мен Радукану қытайлық Чжан Шуай және АҚШ өкілі Тэйлор Таунсендпен кездеседі.