Ресейде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентіне көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айтты», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Айта кетейік, Ресейдің Амур облысында Хабаровск – Благовещенск – Тында бағыты бойынша ұшқан Ан-24 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақтың бортында 49 адам болған: 43 жолаушы, оның ішінде 5 бала, және 6 экипаж мүшесі.