Ресейде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 49 адам қаза тапты
Ұшақ бортында 5 бала мен 6 экипаж мүшесі болған

Амур облысында Хабаровск – Благовещенск – Тында бағыты бойынша ұшқан Ан-24 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақтың бортында 49 адам болған: 43 жолаушы, оның ішінде 5 бала, және 6 экипаж мүшесі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Ұшақ Тында қаласына жақын жерде басқару нүктесінен өтпеді. Онымен байланыс үзілген. Кейін ТЖМ-нің тікұшағы ұшақтың өртеніп жатқан фюзеляжын тапты», – деп хабарлады Ресейдің ТЖМ.
Бортта болған барлық адамдар қаза тапқан.
Оперативтік қызметтердің алдын ала болжамы бойынша, апаттың себебі ұшақты қондыру кезінде экипаж тарапынан жіберілген қателік болуы ықтимал.
Апатқа ұшыраған ұшақ «Ангара» авиакомпаниясына тиесілі. Ан-24 ұшағы қонуға дайындалып жатқан, алайда бірінші әрекеттен қона алмай, екінші айналымға кеткен. Осыдан кейін онымен байланыс жоғалған.
Апатқа байланысты авиакомпанияда тергеу шаралары басталып кетті.