Әйел адамның сөмкесінен мефедрон табылды
Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген жедел іс-шара барысында 2024 жылдың 31 шілдесінде Ақтау қаласының 34-шағынауданында орналасқан «Ана мен бала» орталығы маңында Нұрбибі Қалмағамбетова есірткімен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жеке тінту кезінде оның сөмкесінен 8,29 грамм мефедрон психотроптық заты табылған.
Ұсталған азаматша өз кінәсін толық мойындап, істі қысқартылған тәртіппен қарауды сұраған.
Ақтау қалалық сотының үкімімен Нұрбибі Қалмағамбетова Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша (аса ірі мөлшерде психотроптық затты өткізу мақсатынан тыс сақтау) кінәлі деп танылды.
Оған 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.