Қазақстанда доллар құны 543 теңгеге жетті

Автор: Асыл Арман

24 шілдедегі доллар бағамы жарияланды

Фото: freepik.com

Қазақстанда доллар бағамы күн өткен сайын қымбаттап барады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астанадағы валюта бағамы

2025 жылғы 24 шілдеде, сағат 12:00-дегі жағдай бойынша елордадағы айырбастау пунктерінде:

  • Долларды сату бағамы – 541-543 теңге;
  • Сатып алу бағамы – 536-537 теңге.

Алматыдағы жағдай

Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде бүгін:

  • Сату бағамы – 541-543 теңге;
  • Сатып алу бағамы – 539-540 теңге.

Ұлттық банктің ресми бағамы

Қазақстан Ұлттық банкінің ресми мәліметіне сәйкес, 24 шілдеге арналған доллардың бағамы – 538,64 теңге.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы күрт өсіп, 540 теңгеден асқаны хабарланған болатын.