Алдын ала тыңдау 28 шілдеге белгіленді
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты күдікті Ернар Жиембайдың ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Сот құжаттарына сәйкес, алдын ала тыңдау отырысы 2025 жылдың 28 шілдесіне белгіленген. Қылмыстық істі судья Әбинұр Қарабаев қарайды.
«Сот кабинеті» жүйесіндегі мәліметтерге қарағанда, іс Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша қозғалған:
Соттың мәлімдеуінше, тергеу аяқталғаннан кейін Жиембайға істердің алқабилердің қатысуымен қаралу тәртібі түсіндірілген. Алайда ол өз таңдауын нақты білдірмеген.
Іс аса ауыр қылмыстар санатына жататындықтан, алдын ала тыңдау өткізу ұйғарылған. Бұл кезеңде сотталушының алқабилер қатысуына қатысты ұстанымы нақтыланып, тараптардың өтініштері қаралады.
«Іс бойынша алдын ала тыңдау тағайындау қажет деп есептеймін. Бұл сотталушының алқабилерге қатысты көзқарасын анықтауға және келіп түскен өтініштерді қарауға мүмкіндік береді», – делінген соттың қаулысында.
Күдікті Ернар Жиембай қамауда қала береді. Сот оның бұлтартпау шарасын өзгертпеген.
2025 жылдың 21 сәуірінде сағат 20:30 шамасында Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының жанында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке белгісіз біреу қарулы шабуыл жасаған. Ол жамбас пен иық тұсынан оқ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген.