40 млн теңгенің мүлкін иемденіп, кәсіпкерді өлтірген: қазақстандық өмір бойына сотталуы мүмкін

Автор: Асыл Арман

Қазақстан азаматы аса ауыр қылмыстар үшін Әзербайжаннан экстрадицияланды

Фото: Видеодан скрин

Қазақстандық құқық қорғау органдары мен дипломатиялық миссияның үйлесімді жұмысы нәтижесінде аса ауыр қылмыс жасаған күдікті азамат Әзербайжаннан Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Адам өлтіріп, 40 млн теңгенің мүлкін иемденген

2023 жылдың қазан айында күдікті серіктесімен бірге кәсіпкерді алдап кездесуге шақырып, жабық жерде қатты соққыға жығып, есінен тандырған.

Олар шамамен 40 млн теңгенің мүлкін иемденіп, кейін жәбірленушіні Алматы қаласының сыртына шығарып, өлтіріп кеткен.

Қылмыскердің бірі ұсталды, екіншісі жасырынып кеткен

Қылмыс жасалған соң, күдіктілердің бірі дер кезінде ұсталды, ал екіншісі елден жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланды.

2024 жылдың қаңтарында күдікті Әзербайжан аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы негізінде елге экстрадицияланды.

20 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру қаупі бар

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында.

Оған тағылған айыптар бойынша – мүлкін тәркілеумен қатар, 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.