Универсиада-2025 Германияда өтіп жатыр
Қазақстандық таэквондошы Самирхон Абабакиров Германияда өтіп жатқан Универсиада-2025 жарысында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Абабакиров 63 келіге дейінгі салмақ санатында сынға түсіп, жарыстың жеңімпазы атанды.
Финалдық жекпе-жекте қазақстандық спортшы Түркия өкілі Өмер Дайоғлуды сенімді түрде жеңіп шықты.
Самирхон Абабакиров — биылғы Универсиадада Қазақстанға алғашқы алтын медаль әкелген спортшы. Бұған дейін еліміздің қоржынында алты қола жүлде болған.