Оқиға мектеп ғимаратының қасбетіндегі прожектор шамдарын ауыстыру кезінде болған
Тараз қаласында ауыр өндірістік жарақат алған электрик сотта әділдікке қол жеткізді. Ол шамамен үш метр биіктен құлап, омыртқасы мен қабырғаларын сындырып алған. Сот мектеп әкімшілігінен 1,2 миллион теңге көлемінде моральдық және материалдық шығынды өндіру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға мектеп ғимаратының қасбетіндегі прожектор шамдарын ауыстыру кезінде болған. Электрик бұл жұмысты мектеп директоры орынбасарының тапсырмасы бойынша орындаған. Прожекторлардың бірі дұрыс бекітілмегендіктен, еңкейген сәтінде құлап кеткен.
«Шамамен үш метр биіктен құлаған электрик омыртқасы мен қабырғаларының жабық сынықтарын алды. Бұл жарақаттар ауыр өндірістік жарақат ретінде тіркелді», – деп мәлімдеді ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі.
Электрик емделіп жатқан кезде моральдық және материалдық шығындарды өтеу үшін сотқа жүгінген. Жауапкер тарап бұл талапты мойындамай, қаржылай көмек көрсетілгенін және жалақысы сақталғанын алға тартты.
Алайда сот мынандай жағдайларды анықтады:
Сот шешімі бойынша мектеп әкімшілігі 1,2 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Бұл сома моральдық және материалдық зиянды, сондай-ақ заңгерлік қызмет шығындарын жабуға арналған.
Шешім заңды күшіне енді.