Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Автор: Асыл Арман

Тоқаев Мысыр халқын Революция күнімен құттықтады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен оның отандастарын Мысыр Араб Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, президент Мысыр елінің одан әрі өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді.

Сондай-ақ қос халықтың игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматтағы қарым-қатынас алдағы уақытта да арта түсетініне сенім білдірді.