Елде COVID-19 кесірінен барлығы 81 адам қайтыс болды
Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК. Олар:
Алматы қаласында - 1964 жылғы ер адам және 1971 жылғы әйел адам,
Ақтөбе облысында -1955 жылғы ер адам,
Павлодар облысында - 1954 жылғы әйел адам.
Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім себептерін коронавирус инфекциясынан орын алды деп тіркеуге шешім қабылдады.