«Әкең де сол жолмен жүріп келеді»: Қайрат Нұртастың анасы немересіне ақыл айтты

Автор: Мөлдір Қазыбай

Әншінің қызы өзін сынағандарға жауап жазды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова тұңғыш немересі Алау Қайратқызына ақыл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде әншінің тұңғыш қызы жұрттың теріс пікірлеріне қатысты ренішін жазған. Оған қолдау ретінде әжесі ақылын айтып, қолдау білдірді.

«Дара қызым, жаным сол, шоу бизнес деген солай, ол жолдың бәрімен әкең жүріп келеді, тіпті мен де 20 жыл осылай. О баста түсінбедік, күйдік, жандық, ал қазір етіміз үйреніп кетті. Ал сен енді қадам бастың, бұл әлі басы ғана. Бәріне шыдам, сабыр керек, сен бәрін басыңнан өткізбей үлкен белестерге жетпейсің.

Өмір болғасын ақ пен қара бірге жүреді ең бастысы басың аман болсын, отбасың аман болсын! Өмір күрес, ұмытпа, қызым!» – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Ол сөзін жалғай отырып, өмірде жақсы адамдар да кездесетінін тілге тиек етіп өтті.

«Бірақ білесің бе, қызым, өмірде небір керемет жақсы жандар да бар, қандай жағдай болғанда да қорғап-қолдап отыратын, кейде соны сезінгенде халықтың қошеметін, барлық қиындық артта қалғандай, қуаныштың көз жасын да татасың. Жүрегіңе Алланы сал да, бәрін құдайға тапсыр. Сенде бәрі жақсы болады.

Күнім менің, мен сені қатты жақсы көремін! Алауым алаулайсың әлі-ақ, уақыт емші, осыны ұмытпа!» – деп сөзін қорытындылады Алау Қайратқызы.