Павлодарда ер адам досын пышақтап өлтірді

Автор: Асыл Арман

Қайғылы оқиға түнгі уақытта болды

Фото: istockphoto.com

Павлодарда ер адам досымен сөзге келіп қалып, оны пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға 21 шілде күні түнгі уақытта болған. Жағдайға қатысты облыстық Полиция департаменті ресми хабарлама таратты.

«Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ер адам анықталды, полиция бөліміне жеткізілді. Жағдайлар анықталуда.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 21 шілдеде түнгі уақытта тұрмыстық жанжал кезінде Заслонов көшесіндегі үйдің кіреберісінде ер адам сол жерде қайтыс болған досына пышақ салды», – делінген облыстық ПД хабарламасында.