Астанада 50 жастағы жүргізуші ішімдік ішемін деп темір тордан бір-ақ шықты
Астанада «Тасымалдаушы» жедел-алдын алу шарасы басталды

Елордада жол-көлік тәртібін күшейтуге бағытталған «Тасымалдаушы» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Акция жолаушыларды және жүктерді заңсыз тасымалдау фактілерін анықтауға, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жүргізушілер арасында тәртіпті арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Екі күнде – екі заңбұзушылық: мопед пен мас жүргізуші
Өткен демалыс күндері полицейлер мопедке қатысты екі құқық бұзушылықты анықтады.
Атап айтқанда, тәртіп сақшылары «БАС» маркалы мопедті басқарған 19 жастағы азаматты тоқтатты. Ол көліктің шығару жүйесін өз бетінше өзгерткен, бұл әрекет ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады. Сот шешімімен азаматқа 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Сондай-ақ 50 жастағы жүргізуші мас күйінде көлік жүргізіп ұсталды. Медициналық сараптама оның мас екенін растады. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен ол 15 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.
1400-ден астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелді
Жыл басынан бері елордада 1400-ден астам жол ережесін бұзу фактісі тіркеліп, олардың 400-ден астамы айыптұраққа қойылған.
«Тасымалдаушы» жедел профилактикалық шарасы 21-23 шілде аралығында өтеді. Осы күндері қала жолдарында полиция жасақтары мен мобильді топтар саны көбейтілді.
Қоғамдық тәртіп – полиция жұмысының басым бағыты
Ішкі істер органдары «Заң және тәртіп» қағидаты аясында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Құқық бұзушылар міндетті түрде заң алдында жауап береді.