Мәселе тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті араласқаннан кейін барып шешілді
Абай облысының Семей қаласының тұрғыны интернет-дүкеннен ақаулы смартфон сатып алып, кейін тауар құнын толық көлемде қайтарып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тұрғынның айтуынша, смартфон сатып алынғаннан кейін көп ұзамай техникалық ақаулар пайда болған. Атап айтқанда, байланыс сигналы жиі жоғалып, қоңырау шалу кезінде шу пайда болған.
Сатып алушы тауарды қайтарып, ақшасын талап еткен. Алайда сатушы бір жарым айға жуық жауап бермей жүріп, ақырында қанағаттандырмайтын жауап жолдаған. Осы жағдайдан кейін тұтынушы жаңа смартфон сатып алуға мәжбүр болған.
Азаматтың шағымы Абай облыстық Сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне келіп түсті. Мекеме өкілдері сатушымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңдағы келесі тармақтарды еске салды:
Түсіндіру жұмысынан кейін жеке кәсіпкер тұтынушы талабын толықтай орындап, смартфонды кері қабылдады; бөліп төлеу арқылы төленген 200 000 теңгені тұтастай қайтарды.