Астананың бірнеше ауданы ыстық сусыз қалды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ыстық су бірнеше күнге дейін болмайды

Фото: istockphoto.com

Астанада жоспарлы-профилактикалық жұмыстарға байланысты бірқатар мекенжайда ыстық су уақытша өшіріледі. Бұл туралы қала әкімдігінің Мониторинг және жедел әрекет ету орталығы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ыстық су бірнеше күнге дейін болмайды.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 21 шілдеден 25 шілдеге дейін кейбір көшелерде ыстық су болмайды. Ал кейбір мекенжайларда 23 шілдеде қайта қосылады.

«Жоспарлы жөндеу және профилактикалық жұмыс жүргізілуіне байланысты ыстық сумен қамту уақытша тоқтатылады», – делінген хабарламада.