$ 541.93  636.71  6.83
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда соққыға жығылған хирургтің жағдайына қатысты тың ақпарат жарияланды

Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды

Қостанайда соққыға жығылған хирургтің жағдайына қатысты тың ақпарат жарияланды
Фото: istockphoto.com

Костанай облыстық ауруханасының хирургіне жасалған шабуылдан кейін оның қазіргі жағдайы туралы дәрігерлер мәлімдеме жасады. Зардап шеккен маман Астанаға санитарлық авиация арқылы жеткізіліп, Ұлттық шұғыл медициналық үйлестіру орталығында ем алып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жансақтау бөлімінен неврологияға ауыстырылды

Медициналық мекеме таратқан ақпаратқа сәйкес, 18 шілде күні түскен науқас қазіргі уақытта неврология бөлімшесінде емделіп жатыр.

«Науқас жабық бас-ми жарақатын, ауыр дәрежедегі ми соғылуын, миға қан құйылуды және бас сүйегінің негізіне өтетін желке сүйегінің жабық сынығын алған», – деп нақтылады дәрігерлер.

Жағдайы оң динамикада – есін жиған, байланысқа келеді

Мамандардың айтуынша, қазіргі жағдайы оң динамика көрсетіп отыр. Пациент есін жиған, сөйлесе алады және айналасын таниды.

Емдеу диагностикалық хаттамаларға сәйкес дәрі-дәрмекпен, консервативті тәсілмен жүргізілуде.

Айта кетейік, бұл оқиға қоғамда резонанс туғызды. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әріптесітеріне араша түсіп, зорлық-зомбылықты тоқтатуға үндеу жасады. Ол медицина қызметкерлеріне жасалған шабуыл үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық өзгерістер биылғы қыркүйекте Парламентке енгізілетінін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары