Құрылыс компаниясы 5 млн теңгесінен айырылып қалды
Ақмола облыстық полиция департаменті алаяқтар «жабдық жеткізу» және «қызмет көрсету» сынды жалған схемаларды жиі пайдаланып жүргенін ескертті. Осыған байланысты тұрғындарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2025 жылдың 16 шілдесінде, Қосшы қаласында орналасқан құрылыс ұйымының өкілі полицияға алаяқтық дерегі бойынша арыз түсірген.
Тексеру барысында келесідей жайт анықталды: бейтаныс ер адам өзін арнайы техникаларға қосалқы бөлшектер жеткізетін жеткізуші ретінде таныстырып, компаниямен серіктестік орнатуға ұсыныс білдірген.
Ол тауар жеткіземін деп уәде беріп, компания өкілінен 5 миллион теңгеден астам қаражатты қолма-қол алған.
Алайда ақша алынған соң, күдікті байланысқа шықпай қойған. Уәде етілген қосалқы бөлшектер де жеткізілмеген.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті тұлғаны анықтады. Қазір оның қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу сотқа дейінгі өндіріс аясында жүргізілуде.
Полиция департаменті азаматтар мен кәсіпкерлерге мынадай кеңес береді:
Алаяқтардың қулығы көбейіп барады. Сондықтан әрбір келісімге сақтықпен қараған жөн.