$ 531.96  622.45  6.79
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралда есірткі таратпақ болған күдікті ұсталды

Бұрын сотталған 29 жастағы азамат қолға түсті

Оралда есірткі таратпақ болған күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Орал қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 29 жастағы қала тұрғынын ұстады. Polisia.kz мәліметінше, күдікті бұрын мүліктік және бұзақылық қылмыстары үшін бірнеше рет сотталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

13 түйіншек пен электронды таразы тәркіленді

Тексеру кезінде күдіктіден ақ түсті ұнтақ тәріздес зат салынған, оқшаулау лентасымен оралған 13 түйіншек, Zip-пакеттері мен электронды таразы тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті бұл заттарды жасырын орындарға қалдырып, сатпақ болған.

Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасуда

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында есірткінің жеткізілу арналары мен мүмкін сыбайластар анықталуда.

Полиция ескерту жасады

Полиция есірткі айналымына қатысы бар заңсыз әрекеттер ауыр қылмыс болып саналатынын және бұл үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Азаматтардан есірткіге қатысты күдікті жағдайлар туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары