58 миллион теңгеден астам қаржы жарнамалық қосымшалар деген желеумен жиналған
Павлодарда «TAKORP» атты қаржылық пирамиданы ұйымдастырған екі азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Павлодар облыстық сотының Telegram-арнасы хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
2024 жылдың қаңтар айында айыпталушылардың бірі жарнамалық технологияларды дамыту сылтауымен азаматтардан ақша тартатын құрылым ұйымдастыру жоспарын жасап, жүзеге асыра бастаған.
Айыпталушылар қаржылық пирамиданы БАҚ пен электрондық ақпарат құралдары арқылы ашық түрде жарнамалап, азаматтарды ақша салуға үгіттеген.
Соттың дерегінше, «TAKORP» қаржылық пирамидасына қазақстандықтар жалпы сомасы 58 миллион теңгеден астам қаражат салған.
Сотта айыпталушылардың кінәлары жәбірленушілер мен куәгерлердің жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен және қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденді.
Айыпталушылардың бірі кінәсін толық мойындады, ал екіншісі жартылай келісті.
Сот шешімі бойынша:
Екеуі де жазасын қауіпсіздігі ең төмен мекемеде өтейтін болады.
Сот жәбірленушілердің 58 миллион теңгеден астам қаржыны өндіру туралы талаптарын толықтай қанағаттандырды.
Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.