Қазақстандық балуандар Венгрияда өткен турнирде жеті медаль жеңіп алды

Автор: Асыл Арман

Олар күрес түрлерінен белдесті

Фото: Olympic.kz

Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен «Polyák Imre & Varga János Memorial» турнирі өтті. Қазақстандық балуандар аталмыш турнирде 7 медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еркін күрестен 61 келі салмақта белдескен Асылжан Есенгелді қола жүлдеге ие болды.

Грек-рим күресінен Марлан Мұқашев (55 келі) күміс медаль еншіледі. Ал Ержет Жарлықасын (63 келі) және Әлімхан Сыздықов (130 келі) қола медальға ие болды.

Әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова (72 келі) күміске қол жеткізсе, Нилуфар Раимова (57 келі) және Эльмира Сыздықова (76 келі) жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.