Қылмыстық құқық бұзушылықтар 6,5%-ға қысқарды
Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы алты айында елімізде 64 529 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға (4 463 дерекке) аз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Барлық құқық бұзушылықтың 80%-ы нақты қылмыстарға тиесілі. 6 айда 52 117 қылмыс тіркелген, бұл да өткен жылмен салыстырғанда 6 880-ге аз және 11,7%-дық төмендеуді көрсетеді.
Аса ауыр қылмыстар – 58,4%-ға азайды;
Қылмыстық құқық бұзушылықтармен қатар, тіркелген құқық бұзушылықтар саны да өскен – 2025 жылы 12 412 жағдай тіркеліп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 24%-ға көп.
Қазір олар барлық құқық бұзушылықтың шамамен 20%-ын құрайды. Бұл санатқа:
Мұндай өсім Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің кейбір баптарының қылмыстық санатқа ауыстырылуымен түсіндіріледі.
Ұрлық фактілері 27,6%-ға қысқарды. 2024 жылы алғашқы 6 айда 16 309 дерек тіркелсе, 2025 жылы – 11 809. Бұл шамамен 4 500 жағдайға азайғанын көрсетеді.
Көшеде, қоғамдық көлікте орын алатын ұрлықтар азайған. Мұны бейнебақылау, цифрлық талдау және «қызыл аймақтардағы» алдын алу шараларының тиімділігімен байланыстыруға болады.
Алаяқтық істерінің жалпы саны – 22 812. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,7%-ға ғана көбейген (168 жағдайға артық).
Бірақ интернет алаяқтық 24,7%-ға өсіп, 12 390 жағдайға жетті. 2024 жылы 9 936 болған. Алаяқтар:
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 687 бұзақылық дерегі тіркелген. Бұл өткен жылғыдан 205-ке аз. Яғни, 23%-ға төмендеген.
Адам өлтіру – 18,8%-ға қысқарды (324-тен 263-ке дейін)
Тонау – 34%-ға қысқарды: 870 деректен 574-ке дейін;