Атмосферада зиянды заттар шоғырланады
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Қазақстанның төрт ірі қаласында атмосферада зиянды заттардың шамадан тыс шоғырлануы күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл жағдай ауа райының қолайсыз факторларымен байланысты: олар атмосферадағы зиянды қосылыстардың жерге жақын қабатта жиналып, таралмай қалуына себеп болады.
«2025 жылдың 21 шілдесінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар түнде Қостанай, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ):
Олар ауадағы зиянды заттардың таралуына кедергі келтіріп, шоғырланып қалуына ықпал етеді. Мұндай жағдайлар әсіресе тығыз құрылыс немесе өндірістік аймақтарда ауа сапасының уақытша нашарлауына алып келеді.